Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: көліктерді соғып, адамдарды қаққан

0
876

Куәгерлер джип жүргізушісінің мас болғанын айтады.


Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: көліктерді соғып, адамдарды қаққан

ERNUR.KZ. Алматыда мешіт маңында дәу джип бірнеше көлікті, одан соң жаяу жүргіншілерді де қағып мұқым елдің зәресін алған, деп жазады zakon.kz.

Жол апаты Саяхат аумағында болды.

Nissan Cefiro жүргізушісінің айтуынша, ол Mitsubishi RVR көлігінен артынан Пушкин көшесімен оңтүстік бағытта қарай солға Мәметова көшесіне бұрылу үшін келе жатқан. Мәметова көшесіне таяғанда бағдаршамда қызыл жанап, бәрі тоқтайды. Осы уақытта Nissan жүргізушісінің айтуынша, оның артында тұрған Land Rover Range Rover жүргізушісі екінші қатардан бұрылып, рөлді басқара алмай Nissan-ға соғылады. Ол барып алдында тапжылмай тұрған Mitsubishi-ді соққының инерциясымен соғады.

Үш жүргізуші де көліктерінен түседі. Nissan жүргізушісі Range Rover көлігінен ер адамның сүйретіліп әрең түскенін, аузынан алкоголь иісі шыққанын айтады. Ол: "Біз қазір бәрін шешеміз", - депті де, көлігіне мініп кетіп қалады. Бірақ көп ұзамай, әлгі екі жүргізушінің көз алдында ол өздерін айналып өтіп, Пушкин көшесіне бұрылып бара жатқан Mercedes-Benz 190 көлігін соққан. Ол соққыдан шыр айналып, жолдың жиегіне соғылған.

Ал Range Rover жаяу жүргіншілер жолына ұшып түсіп, одан әрмен жүремін деп, 5 жаяу жүргіншіні қаққан. Әзірге, үш зардап шегушінің ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Адамдарды қаққан джип ақырында бетон бағанға соғылып, бір-ақ тоқтаған. Оқиға куә жұрт оны рөлден жұлып алып, көліктің артқы орындығына отырғызған. Куәгерлер Range Rover көлігінің ішінде шоколад жатқанын, салоннан алкоголь иісінің мүңкіп тұрғанын айтады.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция шұғыл жетті.