Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті

0
461

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде орын алған.


Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12 қабатынан секіріп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде орын алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті М.Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап, 12-қабаттан секірген еді. Бұған дейін «Жетісу» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.