Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп кетті

0
673

Қыздың 12-қабаттан секіргені жайлы видео мен фото әлеуметтік желіде тарады.


Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қыздың 12-қабаттан секіргені жайлы видео мен фото әлеуметтік желіде тарады.

Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімет берді. Оған сенсек, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған.

«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Кейін әйелдің өлім алдындағы қоштасу хаты табылды.