Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға жастар ұйымдарының, ресурстық орталықтардың өкілдері, жас белсенділер мен жас көшбасшылар қатысты.
Алматыда мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға жастар ұйымдарының, ресурстық орталықтардың өкілдері, жас белсенділер мен жас көшбасшылар қатысты.
Кездесуге аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев пен Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты.
Жастар өкілдерінің бастамасы бойынша заң жобасы және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде талқылауға кең ауқымды мәселелер ұсынылды. Олардың ішінде кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасыларды қолдау, шығармашылық және креативті индустрияны дамыту үшін жағдай жасау және т.б. Сонымен қатар, жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайту қажеттігі туралы мәселе көтеріліп, басқарушылық шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын арттыру, қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды әлеуметтік-экономикалық реформаларды талқылауға тарту мәселесі де талқыланды.
«Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ басшысы Ирина Медникова жастар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерін шешуде жаңа тәсілдер енгізуді ұсынды. Алмалы аудандық Жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Бауыржан Маханбет Алматы мектептеріне ЖОО студенттері келіп қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша факультативтер мен бірқатар пайдалы курстарды өткізуін ұсынды. Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде осы заң жобасын қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Оның аясында жас қазақстандықтар мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.