Дайын өнімнің сыртында көпшілікке таныс, ел арасында кең таралған танымал препараттардың атауы жазылған.
ERNUR.KZ. 23 шілде күні Алматы қаласының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жалған дәрі-дәрмектерді дайындайтын жасырын цехті анықтады, деп жазады kaz.nur.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрі-дәрмектерге арналған орама материалын дайындау бойынша баспахана, дайындалған заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма және жасырын цех анықталды.
Ол жерден 100 тоннаға жуық оралған күмәнді дәрі-дәрмектер тәркіленген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күмәнді дәрі-дәрмектерді ел аумағында көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз өткізуге әрекет етудің жолын кесті.
Анықталғандай, барлық дәрі-дәрмектердің өндірісі күмән тудырады. Дайын өнімнің сыртында көпшілікке таныс, ел арасында кең таралған танымал препараттардың атауы жазылған.