Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен мас жүргізуші ауруханада жатыр

0
860

Range Rover көлігінің мас жүргізушісі жол апатын ұйымдастырып, тротуарға шығып кеткен. Кейін бірнеше жаяу жүргіншілерді қаққан.


Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен мас жүргізуші ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Жол көлік апатын ұйымдастырып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен көлік иесі ауруханаға түсті, деп жазады Stan.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жүргізуші 1975 жылғы азамат. Ауруханада оны полиция қызметкерлері күзетуде. Емделіп шыққан соң ғана жаза туралы шешім қабылданады.

Жол көлік апаты бойынша "Көлік басқаратын азаматтардың ол ережесі мен транспорт экплуатациясы ережесін бұзу, адамдардың денсаулығына зақым келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 13-і Range Rover көлігінің мас жүргізушісі жол апатын ұйымдастырып, тротуарға шығып кеткен. Кейін бірнеше жаяу жүргіншілерді қаққан. Жарақат алған әйел адамдардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.