Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

0
493

Өрт сөндірушілер бір отбасындағы бес адамды аман алып қалды.


Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

ERNUR.KZ. Алматының Наурызбай ауданында өртке оранған үйден бір отбасы құтқарылды, деп жазады Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 03:03-те Наурызбай ауданы, Таусамалы ықшамауданындағы Садуақасұлы көшесіндегі үйлердің бірі өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келген.

Мекенжайға жеткен өрт сөндірушер барлау кезінде есеңгіреп қалған бірнеше адамды анықтаған.

Өрт сөндірушілер бір отбасындағы бес адамды аман алып қалды.

Өрт 03:24-те оқшауланып, 03:40-та толығымен сөндірілді.