Оқиға орнына 4 минутта (23:36) жеткен өрт сөндірушілер ағаштан салынған жеке үйдің шатыры, шаруашылық ғимараты және уақытша салынған үй-жай, барлығы - 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтаған.
ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында түнгі уақытта тұрғын үйді жалын шарпып, салдарынан 2023 жылғы бала қайтыс болды, деп жазады inform.kz.
Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қыркүйекте сағат 23:32-де ТЖД күштері мен құралдарына Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына 4 минутта (23:36) жеткен өрт сөндірушілер ағаштан салынған жеке үйдің шатыры, шаруашылық ғимараты және уақытша салынған үй-жай, барлығы - 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтаған.
"Тілсіз жау жоғары өрт жүктемесінің салдарынан тез тараған. Атап айтқанда үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) жасалған. Оқиға орнынан 50 л. газбаллон эвакуацияланған. Өртті барлау және сөндіру барысында өрт сөндірушілер 2 адамды құтқарды. 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел №4 қалалық ауруханаға ессіз күйде жеткізілді. Өкінішке қарай өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.