Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынды

0
829

Олар Алматының қабылдау-тарату орнына қамалды.


Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынғанын айтты. Блогерлер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Ұсақ бұзықылық" бабы бойынша жазаланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке қамалды. Олар Алматының қабылдау-тарату орнына қамалды.

"Одан бөлек, сот шешімі бойынша құқықбұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды", - дейді полиция өкілдері.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын. Сол күні Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін хабарлады.