Жаяу жүргіншілерге арналған көпір дизайнының ұқсастығы желі қолданушыларын шатастырып, оқиға Алматыда болды деп шешкен көрінеді.
ERNUR.KZ. Желіде жүк көлігінің жаяу жүргіншілерге арналған көпірді құлатқаны туралы Қазақстанда түсірілді делінген видео таралып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі маңында болды деген жол-көлік оқиғасының видеосын жолдап жатыр. Мәліметтер бойынша, жүк көлігі көпірге соғылып, көпірді құлатқан. Редакцияға осыған ұқсас бірнеше хабарлама келіп түсті.
Тілшілер ақпаратты тексеріп, шын мәнінде кадрдағы апат Ресейдің Владивосток қаласында 18 қыркүйекте болғанын анықтады. Көлік жаяу жүргіншілер өткеліне соқтығысқан. Апат салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған көпір жолға құлаған.
Жаяу жүргіншілерге арналған көпір дизайнының ұқсастығы желі қолданушыларын шатастырып, оқиға Алматыда болды деп шешкен көрінеді.