Алматыдағы жеке мектептегі бала зорлығы: Балалар құқығын қорғау комитеті пікір білдірді

0
885

Оқиға Комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.


Алматыдағы жеке мектептегі бала зорлығы: Балалар құқығын қорғау комитеті пікір білдірді

ERNUR.KZ. Балалардың құқығын қорғау комитеті Алматыдағы халықаралық мектепте болған бала зорлығына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста отыр. Баланың отбасына көмек ұсынылды» - делінген хабарламада.

Комитет БАҚ өкілдерінен жариялаған әрбір ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

«Себебі бізге бала туралы деректердің құпиялығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, дамелыс күндері Алматыдағы халықаралық жекеменшік мектепте оқитын 1-сынып оқушысының анасы әлеуметтік бейнежазба жариялап, баласының мектепте зорлыққа ұшырағанын айтқан болатын. Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдіріп, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-бөлігі бойынша Бостандық ауданы жанындағы бөлімде тергеліп жатқанын айтты.