Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі бейнекамераның жазбасы тарады

0
717

Екі минутқа созылатын видеода 23 қаңтар түнгі 00:09 кезінде басталған зілзаланың жерді қалай қимылдатып, тербеп жатқаны түсіп қалған.


Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі бейнекамераның жазбасы тарады

ERNUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі түсіп қалған видео тарады, деп жазады inform.kz.

Екі минутқа созылатын видеода 23 қаңтар түнгі 00:09 кезінде басталған зілзаланың жерді қалай қимылдатып, тербеп жатқаны түсіп қалған. Бұл жағдай 00:11-ге дейін жалғасады.

Ғимарат сыртына немесе көшеге орнатылған видеокамера Алматының таулы аудандарында тұрғаны көрініп тұр.

Еске салайық, бүгін, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді.

Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. Салдарынан үрей бой алдырған тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығуға бекінген.

Мұның арты көлік кептелісіне ұласып, жанармай бекеттерінде кезек пайда болған.

Халық арасындағы байбаламды пайдаланып такси бағасын бірнеше есе көтеріп жіберу фактілері де тіркелді.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілген.

Жер сілкінісі кезінде Алматы қаласында 8 адам зардап шекті, бір тұрғынның жағдайы ауыр.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйдің 2 және 3 қабатынан секірген.

24-25 қаңтар күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты.