Алматыдан 17 км қашықтықта жер сілкінді: дүмпу Алма-Арасанда сезілді

0
407

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді.


Алматыдан 17 км қашықтықта жер сілкінді: дүмпу Алма-Арасанда сезілді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады sputnik.kz.

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 8.8.
Магнитудасы 4.2. MPV
Ошағының бағыты 43.06° с.е. 76.89° ш.б.
Тереңдігі 10 км
Сезілуі Алматы, Алма-Арасан шатқалында 2 балл
Бұдан 1 сағат бұрын ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:23-те Алматыдан 903 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 903 км қашықтықта Ауғанстан аумағында жатыр.
Энергетикалық класы 11.6.
Магнитудасы 5.2. MPV
Эпицентрінің ошағы 36.81° с.е. 70.39° ш.б.
Тереңдігі 180 км.
Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.