Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. Сейсмологтар Алматыдан 316 шақырым жерде магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 2023 жылғы 30 шілдеде Алматы уақытымен 02:58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2;
- MPV магнитудасы - 4.8;
- Тереңдігі - 15 шақырым.
Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеген.