Зізлзала ошағы Тәжікстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 7 маусым күні таңғы сағат 03:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқаны.
Энергетикалық санаты – 10.6.
MPV магнитудасы – 4.8.
Эпицентр координаттары – 37.97° с.е. 73.47° ш.б.
Тереңдігі – 35 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.