Алматыдан Қостанайға бара жатқан пойыздан әйел адам құлап кеткен

0
923

Әйел Приозерск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.


Алматыдан Қостанайға бара жатқан пойыздан әйел адам құлап кеткен

ERNUR.KZ. 31 жастағы әйел қозғалыс кезінде тамбурдағы есіктен құлап кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 20 қыркүйекте таңғы 5 шамасында болған. Әйел адам Алматыдан Қостанайға қатынайтын пойызда болған.

"Шу станциясының желілік полиция бөлімшесіне Шығанақ - Мыңарал 1328-ші шақырымында жолаушылар пойызында 31 жастағы әйел вагондардың бірінің тамбурының есігінен құлап кеткен. Соның салдарынан ол жарақат алды", - деді көліктегі полиция департаментінің өкілдері.

Әйел Приозерск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын орындайтын жұмысына немесе атқаратын лауазымына байланысты сақтауға мiндеттi адамның осы қағидаларды бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не ірі залал келтiруге әкеп соқса") бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.