Алматыға АҚШ-тан 60 миллион теңгенің гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар жөнелтілді

0
229

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.


Алматыға АҚШ-тан 60 миллион теңгенің гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар жөнелтілді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 1 қарашасында Бас көлік прокуратурасы жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын контрабандалық тауардың мемлекет кірісіне айналғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Алматы әуежайында кедендік бақылау кезінде осындай екі жағдай анықталды.

"Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді", — деп жазылған ведомтсва ұсынған ресми ақпаратта.
Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.