Алматылық 9 млн теңгесі бар сөмкесінен айрылып қалды

0
1 293

Күдіктілердің кім екені анықтауға аса көп уақыт кете қойған жоқ. Қазір олардың екеуі ұсталды


Алматылық 9 млн теңгесі бар сөмкесінен айрылып қалды

ERNUR.KZ. Алматылық келіншек көзді ашып жұмғанша 9 млн теңгесінен айрылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әйел сөмкесін көлігінде қалдырып кеткен. Ол сыртта болғанда белгісіз біреулер көліктің терезесін сындырып, сөмкені үптеп кеткен.

«Күдіктілердің кім екені анықтауға аса көп уақыт кете қойған жоқ. Қазір олардың екеуі ұсталды. Қалған екеуіне іздеу жарияланды. Күдіктілер Шығыс Қазақстан облысының тумалары болып шықты. Олардың бірі Алматы облысында ұсталса, екіншісі Алатау ауданында тығылып жүрген жерінен ұсталды», - деді қалалық Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Айта кету керек, олар бұрын да ұрлық үшін істі болған.

Мұның алдында осы тектес қылмыс Түркістан облысында болған. Ол кезде де ұрылар көліктен 9,5 млн теңгені алып кеткен.