Алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін қайта қарауға шақырды

0
565

Зерттеу нәтижесі бойынша олар екінші жыл қатарынан әлемдегі ең жақсы зейнетақы жүйесі ретінде Нидерланд пен Данияны атады, дейді спикер.


Алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін қайта қарауға шақырды

ERNUR.KZ. Қоғамдық талқылауда алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін реформалау мәселесіне кеңінен тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Шет елдердегі зейнетақы жүйесін мысалға келтірген Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Ақбөпе Әбілқасымова біздің елдегі зейнетақы жүйесін қайта қарау қажет деп санайды.


«Жыл сайын Австралияның Монаш университеті «Meрсие» консалтинг компаниясымен бірге әлемдік зейнетақы индексін жүргізеді. Зерттеу нәтижесі бойынша олар екінші жыл қатарынан әлемдегі ең жақсы зейнетақы жүйесі ретінде Нидерланд пен Данияны атады. Данияда зейнетақы жүйесі қаржыландырылады. Бұл елде адамдар зейнетке 67 жаста шығады. Оларға жинақтаушы қорға жарна мемлекеттік бюджеттен төленеді. Осылайша, олардың зейнетақысы өте жоғары болады. Ал Нидерландта қаражаттың 50% мемлекеттік бюджеттен түседі. Қалғанын жұмыс беруші төлейді. Қазір бізге жинақтаушы жүйенің тұрақтылығын бағалау қажет. Біз дұрыс бағыттамыз ба, осыны түсінуіміз керек», - дейді спикер.


Кездесу барысында партия мүшесі Гүлдана Нұрпейісова да зейнетақы жүйесіне қатысты оз ойын ортаға салды.


«Қазір қазақстандықтардың зейнетақы мөлшері әр түрлі. Ия, индекстеу инфляция мен экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып жүзеге асырылады. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Бірақ біз мұны жеткіліксіз деп санаймыз. Қарттар мен аға буынға қатысты заң шығару керек. Олардың мәртебесін анықтау қажет. Бұл заң зейнеткерлердің өмірін, олардың зейнеткерлік кірістерін, емделуін және басқа да маңызды мәселелерді қарастырады. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қымбаттады. Көбі зейнеткерлік жасқа да жетпейді.Сондықтан зейнетке шығатын жас пен жұмыс күшінің барлық санатын қайта қарау қажет. Бізде ауыр әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтіндер бар. Сондықтан арнайы комиссия құру керек. Бізге қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру қажет. Ең төменгі зейнетақы деңгейін көтерген жөн. Зейнетақы жүйесіне қатысты көптеген сұрақтар бар. Болашақ зейнеткерлердің жүйесі қандай болады, біз бұл туралы қазір ойлануымыз керек», - дейді Гүлдана Нұрпейісова.