​Алматылық студент Miss Asia Global титулын жеңді

0
1 478

«Miss Asia» - ең танымал халықаралық конкурстардың бірі.


​Алматылық студент Miss Asia Global титулын жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық қыз Үндістанда өткен Miss Asia 2018 халықаралық сұлулық байқауында Miss Asia Global титулын жеңді, деп жазады Baq.kz.

«Miss Asia Global Қазақстан 2018» өңірлік конкурсының жеңімпазы Әсем Есенгелдиева «Miss Asia 2018» халықаралық конкурсында Miss Asia Global титулын жеңіп алды. Конкурс Үндістанның Кочин қаласында 2-10 қараша аралығында өтті. Жерлесіміз «Ең әдемі шаш» деген аталымда да жеңімпаз атанды. Бұл туралы Velada модель агенттігінің pr-қызметі хабарлады.

Биыл конкурсқа әлемнің 25 елінен келген арулар «Miss Asia» титулы мен тәжін алу үшін жиналды.

«Miss Asia» - ең танымал халықаралық конкурстардың бірі. Ол 1968 жылдан бері өтіп келеді. Байқау Еуропа мен Азия арасындағы көпір іспеттес.

Әсем болашақта Victoria's Secret құрамына кіргісі келетінін жасырмады. Ол үшін көп еку керектігін айтты. Бос уақытында садақпен оқ атады, ән айтып, кітап оқиды. Қазір Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курс студенті.