Алматылық таксиге жолаушы 91 мың теңге төлеуге мәжбүр болды

0
2 890

Операторлардың айтуынша, жолаушы Алматыдағы жатақханадан төрт үлкен сөмкесімен шыққан.


Алматылық таксиге жолаушы 91 мың теңге төлеуге мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы такси қызметі ең ұзақ жолды тіркеді, деп жазадыKTK арнасының сайты.

Жолаушы Алматыдан Астанаға қарай сапар шеккен. Операторлардың айтуынша, жолаушы Алматыдағы жатақханадан төрт үлкен сөмкесімен шыққан. Сапар 16 сағатқа созылып, жолаушыға 91 мың 340 теңге төлеуге тура келген.

Тапсырысты LADA Largus көлігіндегі такси жүргізушісі орындады. Ол бұл мекемедеекі жылдан бері жұмыс істейді екен. Бір бағыттағы маршруттың ұзындығы 1214 километр болған. Кейін жүргізуші сонша километрді қайтып жүріп келген. Компания өкілдерінін айтуынша, Ұшақ не поездан қорқатын жолаушылар такси қызметіне жүгінеді екен.