Алматылық ұстаздарға қосымша ақы төленетін болды

0
816

Тамыз айынан бері 15 мың мұғалімге қосымша ақы төленбеген еді.


Алматылық ұстаздарға қосымша ақы төленетін болды

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі екі айдан бері төленбей жатқан мұғалімдер ақысын 10 қарашаға дейін аударуға уәде берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тамыз айынан бері 15 мың мұғалімге қосымша ақы төленбеген. Әкімдіктің мұғалімдер алдындағы берешегі 2 миллиард теңгеге жуықтайды.

Қала әкімдігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу мәселесін шешкен. Алматы қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінбек.

«Тапшылық педагогикалық мөлшерлеменің айтарлықтай өсуіне байланысты қалыптасты. Педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеуге бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қаралуда. Қаланың білім Басқармасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге өтінім берді. Өтініш расталды және жақын арада, 10 қарашаға дейін, қалған мұғалімдер тамыз-қыркүйек айларына қосымша ақы алады», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда қаланың 8100 мұғалімі жергілікті бюджет қаражаты есебінен педагогикалық шеберлігі үшін 25 пайыздық қосымша ақы алған.