Таңертең алматылықтар түтін иісіне шағымданды.
ERNUR.KZ. Алматының Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы өртке байланысты алматылықтарға ескерту жасады, деп жазады tengrinews.kz.
"Құрметті тұрғындар! Маска тағып жүруді сұраймыз, түнде Сүйінбай көшесі 50-де S=295 м2 қоймадағы өрт сөндірілді. Жалпы, көлемі 4 мың шаршы метрден асатын жоғары жанғыш жүктемесі бар қойма. Онда арнайы композициямен өңделген ламинаттар жатқан. Осыған байланысты сабыр сақтауды сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі. Әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындар", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін таңертең алматылықтар түтін иісіне шағымданды. Артынша түтін неден шыққаны белгілі болды.
25 тамызда сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде өрт ангар типті қойманы ашық жалынмен шарпығаны анықталды. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға тарау қаупі туындады.