Алматы тауларында қатты жауын-шашын күтіледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. 1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз күтіледі, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметі және "Қазгидрометтің" 31 наурыздағы ескертуіне сүйене отырып, Алматы тауларында қатты жауын-шашын күтіледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болуы мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус аяз күтіледі.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуы керек екенін ескертеді.
"Сонымен қатар тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60" , - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.