Алматының қақ ортасында жайылған жылқылардың иесі жауапқа тартылды

0
1 059

Алматы полициясы мал жаю ережесінің бұзылғандығын анықтады.


Алматының қақ ортасында жайылған жылқылардың иесі жауапқа тартылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаланың орталық көшелерінде бір үйір жылқы жүргені туралы видео тараған еді. Алматы полициясы аталған жайт бойынша мониторинг жүргізіп, мал жаю ережесінің бұзылғандығын анықтаған, деп жазады baq.kz.

Алаңдаушылық білдірген тұрғындар жылқылар Төле би даңғылы мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірде жайылып жүргенін хабарлаған.

"Біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары шұғыл түрде мал иесін анықтады, ол – 1989 жылы туған Е. есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 408-бабы – ауылшаруашылық малдарын жаю ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, заң, ауылшаруашылық жануарларының иелеріне қайтымсыз болуы мүмкін жол апатының салдары және де басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оларды түнде қорада ұстауға және үй жануарларының жол бойында пайда болуына жол бермеуге міндеттейтінін ескертеміз", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Фархат Сбанбаев.