Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі көріп қалқан.
Фото: Видеоның скриншоты
ERNUR.KZ. Екібастұзда оқушылар бір-бірін аяусыз ұрып-соққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жоғары сыныпта оқитын ұлдар бір-бірін аяусыз ұрып соққан. Оқушылардың бұл әрекетін видеоға түсіріп алған. Бейнежазбада жанжалға 7 бірдей жасөпірімнің қатысқаны байқалады.
Бастапқыда бір-бірінің жағасынан алған олар қоян-қолтық ұрысқа көшеді. Тіпті, құлап жатқанын ұлды басынан тепкілеген. Қасындағы ұлдар да бір-бірін тоқтатуға әрекетенбеді.
Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі көріп қалып, ажыратқан. Осы оқиға қатысты полицияға ешкім арызданбапты. Ал Екібастұз қаласының білім беру беру бөлімі оқушылардың жеке басын анықтап, оларды арнайы есепке алған. Оқушы ұлдардың тәртібі арнайы комиссия отырысында қаралмақ.