Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы жол жөндеуші болып бастаған.
- 2005-2006 - «Қазақавтодор» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы.
- 2006-2014 жж Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
- 2014-2016 жж - «Казавтодор» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
- 2016-2019 жж Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.
- 2019-2022 – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
- 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы.