Анасы бірнеше жерден пышақтаған 10 жасар баланың беті бері қарады

0
821

Алматы облысында анасы бірнеше жерден пышақтаған 10 жасар баланың жағдайы тұрақты.


Анасы бірнеше жерден пышақтаған 10 жасар баланың беті бері қарады

ERNUR.KZ. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп жазады exk.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала тұрақты дәрігерлер бақылауында.

"Баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. 3 күн бұрын хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр", деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Баланы ауруханадан қашан шығаратыны әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, жантүршігерлік оқиға Өтеген батыр ауылында болған еді. 37 жасар келіншек өзінің 10 жасар баласын бірнеше жерден пышақтап тастады. Бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Ал анасы қамауға алынып, оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.