Бұзақының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
ERNUR.KZ. Елордада 31 жастағы жігіт анасын балағаттап, айғай-шу шығарғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп жазадыҚазАқпарат.
«Полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан ұлының айғай-шу шығарып, балағаттағанына байланысты шақырту түсті. Қорқып қалған 64 жастағы әйел полиция шақырды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік полициясы 31 жастағы жанжалқойды ұстап, уақытша оқшаулау бөлмесіне қамады.
Бұзақының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімен аталған жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар сот зәбір көрген әйелді 30 тәулікке қорғауға алу туралы ұйғарым шығарды.
Осы ретте Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылық фактісі орын алған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-65-45, 71-60-63 немесе «102».