Әр оқушыға 40 мың теңге: Биыл 300 мың оқушы көмек алады

0
1 219

Мемлекет тарапынан берілетін көмек арнайы санаттағы оқушыларға беріледі.


Әр оқушыға 40 мың теңге: Биыл 300 мың оқушы көмек алады

ERNUR.KZ. 300 мың оқушы мектепке қажетті заттарды тегін алады. Ол үшін арнайы санатта болуы қажет. Мәселен, елордалық балаларға 40 мың теңге, Шымкентте – 30 мың теңге, Алматыда – 35 мың теңге көлемінде көмек берілсе, өзге өңірлерде шамамен 27 мың теңге! Жалпы бұл қаражатты ата-ана қайда барып жұмсайды, оған қандай заттар тиесілі? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа оқу жылы басталуына 18 күн қалды. Осы ретте тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға жыл сайын берілетін көмек тағайындалатыны белгілі. Мәселен, бас қалада әр оқушыға - 40 мың теңгеден беріледі. Қалалық білім басқармасы биыл 15 мыңға жуық оқушы әлгі көмекке қол жеткізетінін айтады.
Осындай әмиян карталары болады. Карточкаларына 40 мың қаражат аударылады. Бұндай қаражат алған 13 мыңнан асса 15 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Мадина Сүлейменова.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы 30 сауда нүктесі бектіліпті. Ата-ана дүкенге келген кезде осында тұрған кез келген тауарды таңдай алады. Ең бастысы QR арқылы кассаға апарып бекітеді. Арнайы бағдарлама арқылы qr-ді өткізіп кассаға жөнелтіледі.
Айтпақшы әрбір заттың есебі жүргізіледі. Ата-ана картадғы ақшаны жаратқан соң, ол білім басқармасына жіберіледі екен.
Ата-ана біліп отырады қанша суммаға алды, қанша сумма қалды. Консультант айтып береді. Инвойс создавать етіп тұрады, товарларын тексереді. Оның барлығы базада тұрады, есепте тұрады. Күнделікті есеп білім басқармасында тұрады, - дейді кәсіпкер Бейбіт Құлшықбаева.
Осылайша еліміз бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 300 мың оқушы мемлекет тарапынан қолдауға ие болмақ. Атап айтқанда, Шымкентте – 30 мың, Алматыда – 35 мың. Ал Ақтөбеде:
Бір реттік мектеп формасы, спорттық киім, оқу-жазу құралдары беріледі. Жекелеген жеңілдіетілген тамақтануды ұсыну, тегін ыстық беру қарастырған. Ата-ана білім ұйымдарына барып тиісті құжаттарды тапсыру қажет, - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрхожаева.
Білім министрлігі бұндай көмек тек 5 санатқа кіретін отбасыларға ғана тиесілі дейді. Олардың ішінде:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 5 категория бар. АСП алатын, АСП алмайтын, төменгі табыс, жетім балалар, төтенше жағдайдағы түсіп қалған, өзге де балалар санаттағы, өтініштері бойынша зерттеп, енгізеді, - дейді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Толқын Сыздықова.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушыларға мектепке қажетті заттардан бөлек, тегін ыстық тамақпен де қамтамасыз ету жоспарлануда.