Осы жылдың шілде айында 13 жасар жасөспірімді бір топ жасөспірімдер аяусыз соққан.
ERNUR.KZ. Павлодарда ата-аналар 13 жасар жасөспірімді аяусыз ұрған бір топ оқушының қайта мектепке барғанына наразы. Олар бұл оқушыларың алда тағы балаларға тиісуі мүмкін деп күдіктенеді. Тіпті оларды арнайы түзету мектептеріне барғанын талап етуде, деп жазады stan.kz.
Осы жылдың шілде айында 13 жасар жасөспірімді бір топ жасөспірімдер аяусыз соққан. Олар оны бірнеше сағат бойы мазақ еткен. Оны соққан 10 бала 1 қыркүйекте мектепке барған. Бұл басқа оқушылардың ата-аналарын қатты алаңдатты.
Ата-аналардың бірі Маргарита Щербакова бұл балаларды өзге оқушылардан аулақ ұстауын және жасаған істері үшін жауапкершілікті көтеруін талап етті.
“Бұл жауапкершілік үйде қамау немесе қашықтықтан білім беру болмауы керек. Біз олардың түрмеге түскенін емес, кем дегенде бір жыл арнайы мекеме мектептерінде оқығанын қалаймыз”, – деді Маргарита Щербакова.
Жанар Құрмашева да балалардың бұлай мектепке келгеніне қарсы.
“Олар 12 жаста болғандықтан жауапқа тартыла алмайды. Бұл дұрыс емес деп ойлаймыз. Осы әрекеттердің бәрінде олар болған, жазалануы керек. Екіншіден, ата-ананың да жауапкершілігі бар”, – деді Жанар Құрмашева.
Одан бөлек оқушылардың ата-аналарын да жазалауды талап етуде.
“Баласынан қорқатын ата-ананың оны қорғауға бар күшін салуы заңдылық. Бірақ мемлекетіміз ең алдымен байсалдылық пен парасаттылықты алға қояды. Біз мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері ретінде біреудің жағына шығып, соны ғана қолдап отыра алмаймыз. Балалардың бүкіл өмірі алда ғой”, – деді педагог- психолог Ирина Карпова.
Осыған орай Білім басқармасы әлімжеттіктің алдын алу толығымен қайта қаралып, сенім телефоны ашылды деп сендіруде. Іске қатысы бар балалар куәгер ретінде мектепішілік бақылауға алынған.
“Балалар мектепте әдеттегідей білім алады. Сондай-ақ олардың мектепте мінез-құлқын қадағалап, тіпті үйге әкелу үшін жеке жоспарымыз бар. Бұл жерде кәмелетке толмағандарға қол сұғуға құқығымыз жоқ. Тиісінше, сот шешімі бойынша бойынша тиісті шараларды қолданамыз”, – деді Павлодар қаласының білім бөлімінің жетекшісі Қуаныш Қыдыралин.
Сотты күтіп отырған тағы екі жігіт үйқамаққа алынып, қашықтықтан білім алып жатыр. Полиция бұл істі әлі де тергеп жатқанын жеткізді.
“Аталған факті бойынша полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі, 5, 7, 11-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тоқтатуға бағытталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 20-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды”, – деді Павлодар облысының полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.