Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. 23 қаңтарда 14 сағат 15 минутта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ диспетчерінен кезекші операторға AMT еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-нің соғу-престеу цехының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz.
№ 11 жылыту пешінің үстінен жалпы алаңы 72 шаршы метр болатын екі аражабын тақтасы құлағандығы анықталды. Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.
№11 жылу пешінің қосалқы платформасы мен инженерлік құрылымдары зақымданған.