Арын Орсариев Ғылым қорының басшылығына келді

0
857

Ол бұған дейін БҒМ жауапты хатшысы қызметін атқарған.


Арын Орсариев Ғылым қорының басшылығына келді

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ғылым қорының кадрларын алмастырып жатыр. Қордың Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды, Қордың да қызметінде өзгерістер болып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Соңғы жылдары Ғылым қорында дау-жанжалдар болғанын өздеріңіз білесіздер. Бірақ бүйте беруі мүмкін емес. Министр Асхат Аймағамбетов кадрларды ауыстырып жатыр, соның арқасында қордың Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды, Қордың да қызметінде өзгерістер болып жатыр», - деп жазды О. Құдайбергенов.

Қордың Директорлар кеңесінің жаңа құрамына: Зарема Шәукенова (ҚСЗИ директоры), Бибігүл Өтепқалиева (БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары), Амангелді Тойбаев (ҚР Қаржы министрлігінде басқарма басшысы), Мақсат Жабағин (БҒМ Ұлттық биотехнологиялар орталығында зертхана меңгерушісі), Әсемгүл Молдажанова (ЕҰУ бірінші проректоры), Вассилиос Турассис (Назарбаев Университетінде декан), Дөрбетхан Сұраған (НУ профессоры) және О.Құдайбергенов кірген.

Басқарманың жаңа төрағасы Арын Орсариев болды. Ол бұған дейін БҒМ жауапты хатшысы қызметін атқарған.

О. Құдайбергенов 3-6 айдың ішінде қорға деген көзқарасты өзгертіп, 2-3 жылда қоғамға пайдасы бар қолданбалы ғылыми идеяларды жаппай қаржыландыруға қол жеткізуге уәде берді.

«Басқарма мен Директорлар кеңесі түгел қабылданатын шешімдер ашық, жариялы болуына келісіп алдық», - деп мәлімдеді О. Құдайбергенов.

«Бизнесті жақсарту бағытындағы жұмыстар халықаралық баға алып, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде әлемнің 190 экономикасының ішінде 25-орынға тұрақтады. Қазақстан 100 баллдың 79,6 балын алып отыр. Алдымыздағы Германияның баллы - 79,7. Еліміз Австрия, Жапония, Испания, Франция, Швейцария және ТМД елдерін басып озды«, - деді ол.

Оның дерегінше, Канада мен Ирландия да Қазақстан сияқты 79,6 балл жинаған. Олар аталған рейтингте 23 және 24-орында тұр.

»Нұр Отан« партиясының XVII съезінде 2021 жылға қарай «Doing Business» рейтингінде ТОП-25 елдің қатарына қосылу міндеті жүктелген болатын. Ал біз 2019 жылы бұл міндетті орындадық«, - деді Жасұлан Мәдиев.