Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігуде

0
1 225

Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат вокзал ғимараттарында берілуде.


Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігуде

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Шымкент -Арыс -Темір» жол учаскесінде пойыздар өз кестесінен кешігіп жатқанын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚТЖ» АҚ-ға қарасты барлық мекемелер «Шымкент -Арыс -Темір» жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шаралар өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал ғимараттарында берілуде. Сондай-ақ барша ақпаратты «105» бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар», - делінген ҚТЖ ақпаратында.