Оқиға орнына Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметшілері аттанған.
ERNUR.KZ. Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті күзету және тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсету мақсатында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға болған орында Ұлттық ұланның іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штабы бастығы Андрей Каскеленов үйлестіреді», - деді баспасөз қызметінен.