Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

0
603

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.


Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты. 2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.