Үкімет делегациясының сапары Қостанай үй құрылысы комбинатында жалғасады.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында трактор зауытының ашылуына қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.
Айта кетсек, биылғы сәуір айында Асқар Мамин елордада «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді. Оның барысында ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды. Бүгін Қостанайда ашылып отырған кәсіпорынның салтанатты іске қосылуына Үкімет басшысы арнайы қатысты.
«Жаңа зауыт жылына 500-ден 700-ге дейін алып тракторларды құрастыруға қауқарлы. Нәтижесінде елдегі ауыл шаруашылығы техникаларының өндірісі жаңа қарқын алады. Сонымен қатар облыста 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Екі ел арасындағы бірлескен жобалар жалғаса береді»,- деді А. Мамин.
Қостанай трактор зауыты Индустриялық аймақта орналасқан. «Кировец» тракторларының құны 45 млн теңгеден басталады. Қазірдің өзінде алты алып техника сатылымға шықты.
Үкімет делегациясының сапары Қостанай үй құрылысы комбинатында жалғасады.