Нұр-Сұлтан мен Шымкент өңірлерді артқа тартып тұр.
ERNUR.KZ. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин республикалық көрсеткішті төмендетіп тұрған өңірлердің әкімдеріне шүйлікті, деп жазады inbusiness.kz.
«Жыл басынан бері экономиканың негізгі базалық өсу көрсеткіштері бойынша Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды және Түркістан облысының әкімдігі жақсы жұмыс атқарған. Көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен болған Қызылорда, БҚО, Қостанай, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне мынаны айтқым келеді: сіздердің көрсеткіштеріңіз жыл қорытындысы бойынша елдегі орташа көрсеткішті төмендетеді. Тиісті қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдауларыңыз қажет», – деді үкімет басшысы.