Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.
ERNUR.KZ. 2020 жылы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Биылғы жылдың жоспарына 32 заң жобасы кірді. Олардың барлығы Парламентке енгізілді. Әзірленген заң жобаларының арасында маңыздылары ретінде «Педагог мәртебесі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, Экологиялық кодексті және басқаларын атап өту керек. Сонымен қатар, жоспарға әзірлеуші органдардың бастамасымен биылғы жылы бірнеше рет өзгерістер енгізілгенін атап өткім келеді. Олар заң жобаларын Үкімет пен Парламентке енгізу мерзімдерін ауыстыруға және заң жобаларын қосуға байланысты болды. Осы ретте заң жобаларын енгізу мерзімдерін сақталуын қамтамасыз етіп, заң жобаларының сапасына аса назар аудару қажет.
Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.
«Бұдан былай жоспарлы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады. 2020 жылға арналған жоспар жобасына өзекті және маңызды мәселелерді шешуге, Елбасы мен Президент тапсырмаларын орындауға 17 заң жобасы енгізілді. Жаңа заң жобалары әзірленеді. Оның ішінде«Ардагерлер туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары бар», - деді Асқар Мамин.
Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы туралы баяндаған еді.