​Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

0
1 157

Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.


​Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында А. Мамин өңірде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады, деп жазады primeminister.kz.

Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі - «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.