Қорғаныс министрі армияда қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінетінін мәлімдеді.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық армияда әлімжеттік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Кеңес заманындағыдай «дедовщина» сияқты құбылыс қазір армияда жоқ. Мұның бір себебі – қазір азамат әскердегі борышын бір жыл ғана өтейді. Яғни, борышын өтеушілер арасында айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек шақыртуда. Ерлердің басы қосылған кез келген ұжымда дау-дамай, келіспеушілік деген болады, алайда қызмет бойынша аға буын жастарды жарғылық заттарды орындауға мәжбүрлейтін жүйелі құбылыс жоқ», - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Қорғаныс министрі армияда қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінетінін және ол бірінші орында екенін түсіндірді.
«Биыл әскери қызметтегі қауіпсіздік жылы болды. Әскери полиция жанынан арнайы басқарма құрдық, ол қауіпсіздік мәселесіне жауапты: азық-түліктен бастап, жауынгерлік оқ ату қауіпсіздігіне, жауынгерлік техниканы жүргізуге, парашютпен секіруге және т.б. дейінгі мәселелерге қосымша мониторинг жүргізеді.
Әскери қызметкерлер үшін, әсіресе жедел қызметтегілер үшін қауіп-қатерлер өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Жастарымыз Қазақстан аумағында қызмет етеді, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша командирдің жіті назарында. Барлық әскери бөлімдерде медициналық қызмет көрсетіледі», - деді министр.