Әскерге шақырылған қазақстандықтардың суицидке бейімділігі тексеріледі

0
654

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылмай тұрып-ақ суицидпен күресуді жоспарлап отыр.


Әскерге шақырылған қазақстандықтардың суицидке бейімділігі тексеріледі

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылғандарға арналған цифрлық профильдік жүйенің әзірленгенін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Мәжілісте Тұяқовтан Қазақстан әскеріндегі өз-өзіне қол жұмсау санын азайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

Вице-министр бұл жұмысты жергілікті әкімдіктер жүргізуі керек деп есептейді.

"Баламен кішкентай кезінен бастап жұмыс істеу керек. Психологиясын білу керек. Балалар әртүрлі отбасында тәрбиеленгіндіктен тәрбиелерінде өзгешеліктер болады. Сондықтан жұмыстың басым бөлігімен жергілікті атқарушы органдар айналысуы керек", - деді ол.Тұяқов.

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылмай тұрып-ақ суицидпен күресуді жоспарлап отырғанын түсіндірді.

"Қазір біз әскерге шақырылған адамның цифрлық профилін жасап жатырмыз. Бұл профильде оның қандай спортпен айналысатыны, қандай салаға қызығатыны көрсетіледі. Бала психологиясын тексеру сияқты жұмыстармен қарай сараланады жергілікті органдар айналысып, егерде қандай да бір қиындық байқаса Қарулы Күштерді хабардар ету керек. Сонда бізде суицид жағдайлары болмайды", - деп толықтырды Қорғаныс министрінің орынбасары.