Әскери борышын өтегендер ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ түсіп, тегін оқи алады

0
787

Әскери қызмет барысында тәртібі жақсы болып, білімділігін көрсете алған азаматтар университеттерге ҰБТ сынағынсыз-ақ қабылданып, тегін оқуға қол жеткізбекші.


Әскери борышын өтегендер ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ түсіп, тегін оқи алады

ERNUR.KZ. Сондай-ақ, әскерде болған кезде азаматтар несие төлеуден де уақытша босатылуы мүмкін, деп жазады exk.kz.

Bizmedia сайты хабарлағандай, қазіргі таңда екінші деңгейлі банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Түлембаеваның айтуынша, министрлік еліміздегі үздік Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру бойынша шараларды қолға алып жатыр. Соның арқасында әскери борышын өтеушілерге жоғары білім алу мәселесінде бірқатар жеңілдіктер енгізу көзделуде. Бірқатар білім ошақтары бұл бастаманы қызу қолдап отыр екен. Олардың арасында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті және тағы басқалары бар көрінеді.

Әскери қызмет барысында тәртібі жақсы болып, білімділігін көрсете алған азаматтар университеттерге ҰБТ сынағынсыз-ақ қабылданып, тегін оқуға қол жеткізбекші. Оларды іріктеуді қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұланның өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ борышын өтеушілер арасында үздік деп танылғандар қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына емтихансыз қабылданып, тегін білім ала алады екен.

Сондай-ақ, әскерде болған азаматтардың балаларына да оқуға түсерде бірқатар жеңілдіктер қарастырылып жатыр екен. Жаңа жүйе бір жыл ішінде әзірленіп бітпекші. Университеттер мен факультеттердің тізімі де кейінірек белгілі болмақ.