Әскерилер блок-бекеттерді тастап, кетіп жатыр

0
854

Елде төтенше жағдай режимі аяқталды.


Әскерилер блок-бекеттерді тастап, кетіп жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блок-бекеттерінде күшейту, елді-мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады, деп жазады zakon.kz.

Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күштерімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады.

Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блокбекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.