Әскерилердің жалақысы екі жылда 60%-ға өседі

0
600

Биылдан бастап лауазымдық жалақы 35%-ға өседі.


Әскерилердің жалақысы екі жылда 60%-ға өседі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 13%-ға өсті. Ал олардың сатып алу қабілеті 5%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

2021 жылдың екінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, аталмыш салаларда 483,8 мың адам жұмыспен қамтылды, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,6% аз. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Алматы облысында: 74 мың адам. Одан кейін Шығыс Қазақстан (50,7 мың адам) мен Жамбыл (41,9 мың адам) облыстары да көш бастап тұр.

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде көбірек табыс табатыны міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жұмыскерлер: 566,8 мың теңге (12% өскен).

Мемлекеттің жалпы қоғамға қызмет көрсету саласының қызметкерлері 207,3 мың теңге (жылына 2,4% өскен), мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық басқару қызметкерлері — 196,7 мың теңге (8,2% өскен) мөлшерінде орташа айлық жалақы алды.

Өңірлік бөліністе сектордағы ең жоғары жалақыны елорда қызметкерлері алды: 359,8 мың теңге (20,7% өскен). Жетекші өңірлер үштігінде Алматы (231,5 мың теңге, 12,4% өскен) және Маңғыстау облысы (217,4 мың теңге, 21,5% өскен) бар. Ең төменгі жалақы Ақмола облысында байқалды (162,8 мың тг, 4,4% өскен).

Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы алдағы екі жылда 60%-ға артады. Биылдан бастап лауазымдық жалақы 35%-ға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаты үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. ТМД-ның басқа елдерімен салыстырса, қазақстандық әскери қызметшілердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті болып есептеледі.