Астана-1 темір жол стансасы жабылады

0
2 109

Астана-1 стансасында жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады.


Астана-1 темір жол стансасы жабылады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 24 қаңтары күні сағат 00-00-ден бастап 18-00-ге дейін Астана-1 стансасында жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Барлық пойыздар Астана-Нұрлы жол темір жол вокзалы арқылы қатынайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, осыған байланысты 36 жолаушылар және қалааралық пойыздың жүру кестесіне түзетілер енгізілген. Олар мына бағытта қатынайтын пойыздар:

1 №76 Петропавл - Қызылорда 19 №83 Қарағанды - Мәскеу

2 №363/364 Қарағанды - Томск-2 20 №307 Жезқазған - Астана-1

3 №328 Қостанай - Қарағанды 21 №308 Астана-1 - Жезқазған

4 №312 Астана-1 - Семей 22 №95 Астана НЖ - Орал

5 №7507 Астана НЖ - Көкшетау 23 №9 Алматы-1 - Астана НЖ

6 №604 Арқалық - Астана НЖ 24 №6857 Қарағанды - Астана-1

7 №55 Қызылорда - Көкшетау 25 №6858 Астана-1 - Қарағанды

8 №153 Семей - Астана НЖ 26 №146 Омбы - Қарағанды

9 №86 Астана-1 - Сарыағаш 27 №58 Орал - Астана НЖ

10 №3 Алматы-2 - Астана НЖ 28 №154 Астана НЖ - Семей

11 №711 Шымкент - Астана НЖ 29 №7501 Павлодар - Астана-1

12 №6829 Ерейментау - Көкшетау 30 №7502 Астана-1 - Павлодар

13 №705 Алматы-2 - Петропавл 31 №39 Астана НЖ - Челябі

14 №673 Павлодар - Астана НЖ 32 №38 Маңғыстау - Астана НЖ

15 №6803 Астана - Атбасар 33 №327 Қарағанды - Костанай

16 №16 Петропавл - Алматы-2 34 №4 Астана НЖ - Алматы-2

17 №44 Қостанай - Алматы-1 35 №43 Алматы-1 - Қостанай

18 №40 Челябі - Астана НЖ 36 №316 Қазан - Ташкент

«Жоғарыда аталған шара Астана-1 стансасы жолдары мен нысандарын күрделі жөндеу кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстардың жүргізілуімен байланысты», - деп атап өтеді компаниядан.