Бүгін Астанадағы қалалық алаңда шетелдік KANGAROO брендімен қызмет көрсететін «КЕНГУРУ» ЖШС» компаниясына «ASTANA TAXI» Инвестициялық жобасының аясында жаңа көліктердің кілті табыс етілді.
ERNUR.KZ. Бүгін Астанадағы қалалық алаңда шетелдік KANGAROO брендімен қызмет көрсететін «КЕНГУРУ» ЖШС» компаниясына «ASTANA TAXI» Инвестициялық жобасының аясында жаңа көліктердің кілті табыс етілді, деп жазады Вaq.kz.
Отандық өндірістегі 50 дана «JAC S3» автокөліктері «ASTANA TAXI» инвестициялық жобасының аясында қала тұрғыдарына қызмет көрсететін болады.
«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ жүзеге асыратын жобаның басты мақсаты - заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көлік қызметін оңтайландыру мақсатында 1 қыркүйектен бастап Астана әкімдігі МЖӘ тетігі арқылы барлық қала басқармалары мен аудан әкімдіктерін такси қызметін пайдалануға көшіретін болады. Әкімдіктің құрылымдық бөлімдері таксиді көпарналы байланыс желісі (CallCenter) арқылы, сондай ақ тасымалдау тапсырысы автоматтандырылған мобильді қосымша арқылы шақыра алады. Қызмет көрсету ақысы тек қызмет көрсетілгеннен кейін, яғни алдын ала төлемсіз жүргізіледі.
Жоба аясында көлік қызметіне кететін қаржыны 5 жылда 1 млрд теңгеге дейін үнемдеу көзделуде. Сондай ақ қолданыстан босатылған 64 көлік бұған дейін автокөліктерді сатып алуды жоспарлаған қала ұйымдарына беріледі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Астана қаласында біріңғай такси қызметін құру мақсатында «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Astana Taxi» инвестициялық жобасы жүзеге асырылған болатын. Бұл күні жобаға 546 автокөлікті біріктірген 18 таксопарк қызмет етуде. Аstana Taxi жобасы бизнес пен мемлекеттің өзара әрекет жасауының озық үлгісі дейге болады. Қалада заңсыз тасымалдаумен айналысатындардың санын азайтуды және қала тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздігін көздеген біріңғай такси қызметіне ие болды. Жоба бюджеттен тыс инвестициялардың есебінен жүзеге асырылуда. Бюджет үнемділігі шамамен 7,2 млрд теңгені құрады», - деді «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Жобаға қатысушы такси көліктеріне Bus Line жолағымен жүруге рұқсат етілген.
«Бизнес қауымдастықтың осыдан бір жыл бұрын қала басшылығымен бірлесе жүзеге асырған Аstana Taxi жобасы нәтижесін берді және тиімділіг көрсетті деуге болады. Бүгінге дейін 3,5 млн астам жолаушыға қызмет көрсетіліп, тұтынушылардың 150 дейін ұмыт қалған жеке заттары қайтарылды. Таксомоторлы компаниялардың саны 20%, көліктер саны 15%, бір күндегі тұтынушылар саны 30% артқан. Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету арқылы жылдам қызмет көрсету біздің ең басты ұстанымымыз», - деді «Астана қаласы көлік қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.
Таңдаудың JАС сауда маркасына түсуі кездейсоқ емес. Бұл бренд тек Қытайда ғана емес (бірқатар сегментте көшбасшы қатарында, автокөліктің ең үздік дизайны мен үздік қауіпсіздік деңгейі марапаттарына ие), басқа елдерде де өте танымал. Автокөліктің ерекшелігін қазақстандықтар да бағалап үлгірді. Биыл JАС S3 кроссовері «Қазақстанның ең үздік тауары» атағын ұтып алды. Автомобиль зауыты Қостанайда өткен аймақтық көрмеде «Өндірістік қолданыстағы ең үздік тауарлар» номинациясында жеңіске жетті.
«JAC S3 төрт қауіпсіздік жастықтарымен және балалар орынтағын бекітуге арналған ISO FIX жүйесімен қаматамасыз етілген. Бұл өз ретінде көлікті басқару кезінде сенімділік пен қауіпсіздікке жауап береді. JAC брендінің өзгелерден айырмашылығы компания басшылығы жаңа технологиялардың қолданысқа ие болуын және автокөліктердің қауіпсіздігін арттыра түсуді жіті бақылауда ұстайды. Біз автозауыт өнімі Астана тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығады деген сенімдеміз», - деді «Аллюр Авто Астана» ЖШС сату жөніндегі директоры Александр Цой.
Kassa Novа банкі және Астана қаласы көлік қауымдастығымен бірлесіп «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ Қазақстанда алғаш рет кез келген банктің Visa және MasterCard карточкаларымен төлем жасауға мүмкіндік беретін «Astana Taxi» қосымшасын іске қосты.
«Бұл жоба алғашқы қазақстандық жоба, бірінші кезекте тұтынушылардың қауіпсіздігі мен оларға жасалатын жайлылық сервисі. Біздің E-COMMERCE жүйесі мен Astana Taxi – мен арадағы қызметіміздің арқасында Қазақстан экономикасын сандандыру жүйесіне ауыстыруға тағы бір қадам жасадық», - деді «Банк Kassa Nova» АҚ басқарма төрағасы Шолпан Нұрұмбетова.