Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ERNUR.KZ. Елордалық учаскелік инспекторға қарт ана жүгінді, деп жазады zakon.kz.
Ол 34 жастағы ұлының үйіне мас күйінде келіп, онымен жанжалдасып, былапыт сөйлеп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын, осылайша психологиялық зорлық-зомбылық көрсететінін хабарлады.
Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды.