ERNUR.KZ. Астанада алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары осы маусымда жауған алғашқы қардың әдемі кадрларын әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр, деп жазады Zakon.kz.
12 қазан күні таңғы сағат 8-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бұрын жабылған учаскелерінде, соның ішінде Астана – Петропавл тасжолы көліктің барлық түрі үшін қозғалысты ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ кеше синоптиктер 12 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Алматыда түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.