Астанада досымен бәстескен жас бала Есіл өзеніне батып, көз жұмды

0
382

2007 жылғы баланың денесін құтқарушылар кешке таман судан алып шыққан.


Астанада досымен бәстескен жас бала Есіл өзеніне батып, көз жұмды

ERNUR.KZ. 12 маусым күні Астана қаласында 2007 жылғы бала суға батып, қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Куәгерлердің айтуынша, екі жасөспірім суден кім бірінші жүзіп өтеді деп бәстескен.

«12 маусым күні Есіл өзенінде 2007 жылғы баланың денесі табылды. Жасөспірімдер өзеннің екі жағасына кім бірінші жүзіп өтеді деп жарысқан», - деп хабарлады Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары баланың денесі сағат 19:02-де судан алып шықты.